Барлық жаңа клиентке алғашқы жалға алуға 10% жеңілдік береміз!
Көлікті небәрі 30 минутта жеткіземіз
Алматыда көлікті жалға алу
Brooklyn auto rent жүргізушісіз көлікті қолжетімді әрі тиімді бағамен жалға алуға мүмкіндік береді. Еркін жүріп, бүкіл Қазақстанды ешбір шектеусіз, алаңсыз аралаңыз! Әр тапсырысқа мұқият қарап, әр клиенттің қалауын ескереміз және үздік қызмет көрсетуге кепілдік береміз. Барлық көліктің техникалық жағдайы жүйелі түрде қатаң тексеріледі. Бұл жолда жайлылық пен толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Көліктер каталогы
Стандарт
Комфорт
Бизнес
Электр көліктері
Біздің артықшылықтарымыз
5 минутта жылдам рәсімдеу
Шартқа онлайн қол қою
24/7 қолдау
Күндіз де, түнде де сізге көмектесуге дайынбыз
Депозитсіз
Жасырын комиссиялар мен төлемдер жоқ
Қаланың кез келген жеріне жеткізу
Әуежайда қарсы алу
Көлікті қалай тиімді жалға алуға болады?
1. Brooklyn Autorent-ке хабарласыңыз
2. Көлік таңдаңыз
3. Ақысын төлеп, шартқа онлайн қол қойыңыз
4. Көлік енді сіздің иелігіңізде
Біз туралы
Көлік жалға алудағы сенімді серіктесіңіз
Клиенттерімізге барынша оңай әрі қауіпсіз қызмет ұсыну үшін көлік жалға алу тәртібін жетілдірдік
Көлікке тапсырыс беру оңай
Клиенттерімізге барынша оңай әрі қауіпсіз қызмет ұсыну үшін тапсырыс беру тәртібін жеңілдеттік
Көлікті алу мен қайтару ыңғайлы
Клиенттерімізге барынша оңай әрі қауіпсіз қызмет ұсыну үшін тапсырыс беру тәртібін жеңілдеттік
толық бейнені көру
Бізбен көлік жалға алудың қаншалықты оңай әрі ыңғайлы екенін көріңіз
жиі қойылатын сұрақтар
Қызметтеріміз туралы білуіңіз керек мәліметтер
Кемінде 3 ай бұрын берілген, жарамды жүргізуші куәлігіңіз болуы керек.
Жалға алу ақысына телефон ұстағышы, балаларға арналған орындықтар, ауызсу және қуаттау адаптері кіреді.
Алдымен өзіңізге ұнаған көлік үлгісін таңдап, компания сайтында өтінім толтырыңыз немесе менеджерімізге хабарласыңыз. Содан кейін жалға алу мерзімінің басталу және аяқталу күндерін, көлікті алатын және қайтаратын орындарды көрсетіңіз.
Күтпеген төтенше жағдай туындаса, алдымен компаниямыздың қолдау қызметіне хабарласыңыз. Біз қажетті көмек көрсетіп, әрі қарай не істеу керегін түсіндіреміз.
Көлікке тапсырыс беру үшін мына құжаттардың анық фотосуреттерін жіберу қажет:
- Жеке куәлік пен паспорт
- Жүргізуші куәлігі
- Тіркелген мекенжайыңыз және нақты тұратын мекенжайыңыз
пікірлер
Клиенттеріміз біз туралы не дейді
Бейне 1
Бейне 2
Бейне 3
Жолға шығуға дайынсыз ба? Көлігіңізге бүгін тапсырыс беріңіз!
Клиенттерге қызмет көрсететін ақжарқын тобымыз сізге көмектесуге дайын. Көмек қажет болса немесе сұрағыңыз болса, бізге кез келген уақытта хабарласыңыз.
Біз туралы
Компания туралы
Алматы — Қазақстанның маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Мұнда түрлі елдерден туристер келеді. Қала ішінде жылдам әрі жайлы жүру үшін жеңіл көлік болғаны ыңғайлы: іскерлік кездесуге, көрмеге немесе басқа да қажетті жерге оңай жетуге болады. Сондықтан Алматыда көлік жалға алу көлік мәселесін шешіп, керекті жерге уақытында баруға көмектеседі. Бүгінде көлікті жалға алу қала қонақтарының арасында ғана емес, жергілікті тұрғындар арасында да кең таралған. Әдетте Алматыда көлікті қалаға іссапармен келген адамдар жалға алады. Мұндай жағдайда Алматыда көлік жалға алу жұмысқа қатысты міндеттерді қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік береді. Сайтымызда көлікті жүргізушісіз жалға алу қызметі ұсынылады. Сондай-ақ эконом класты көлікке тапсырыс беруге болады. Ұзақ іссапар үшін Алматыда көлікті ұзақ мерзімге жалға алу қолайлы.
Кейде көлікті бір тәулікке немесе бірнеше күнге жалға алу қажет болады. Бұл қызметті қаланың көрікті жерлерін көбірек көріп, тау шаңғысы курорттары мен спорт кешеніне барғысы келетін туристер жиі пайдаланады. Көп жағдайда көлікті бір айға жалға алу қажет болады. Осы уақыт ішінде талай шаруаны тындырып, Алматы көліне де баруға болады, ал мұндай сапарға қоғамдық көлік немесе такси қолайсыз. Бүгінде көлікті кепілсіз жалға алуға болады, бұл барлық клиентке өте ыңғайлы.
Қазір Алматыда көлік жалға алу іс-шара ұйымдастырушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Қалада түрлі мерекелер, үйлену тойлары мен кештер өтеді. Олар аяқталған соң қонақтар мен қатысушыларды үйлеріне жеткізу керек болады. Көп жағдайда люкс класты көлікті жалға алу қажет. Бұл қызмет көлігін жөндеуге берген жүргізушілерге де керек. Кейде жөндеу жұмыстары ұзаққа созылады. Мұндайда Алматыда көлік жалға алу басқа қалада немесе елде жүрсеңіз де, күнделікті тіршілігіңізді жалғастыруға көмектеседі.
Бүгінде көлікті жалға алу фотографтар мен бейнеоператорлар арасында сұранысқа ие, өйткені ол кез келген жерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алматыда жалға берілетін көліктерге кез келген адам тапсырыс бере алады: бұл қызметтің бағасы қолжетімді. Әсіресе Алматыда көлік жалға алу қала сыртына демалуға немесе қызықты жерлерді көруге шығатын адамдар арасында кең таралған.
Көлікті жалға алу қиындық тудырмауы үшін жалға алу шарттарын сақтау қажет. Мысалы, жүргізуші белгілі бір жасқа толған және көлік жүргізу тәжірибесі бар болуы керек. Тәжірибе болмаса, көлікті жүргізушісімен бірге жалға алған жөн. Әр клиент жалға алу шартының мерзімін өзі таңдай алады. Көлік жалға алғанда, барлық көлікке GPS құрылғылары орнатылатынын ескеріңіз. Бұл көліктің қайда жүргенін оңай бақылауға мүмкіндік береді. Сапар аяқталған соң көлікті көрсетілген жерге қалдырасыз, оны сол жерден компания қызметкері алып кетеді.
Көлікті жалға алудың артықшылықтары:
- сапар кезіндегі жайлылық;
- көп адамды тасымалдау мүмкіндігі;
- көлік бұзылса, оны өзіңіз жөндеудің қажеті жоқ;
- жалға алу шартын жасау үшін аз ғана құжат қажет;
- көлікті жалға алу бірнеше минутта рәсімделеді;
- көлікті бірден балаға арналған орындықпен алуға болады;
- көлік істен шықса, қысқа мерзімде соған ұқсас көлікке ауыстырылады.